АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путиннен Украинада «атысты тоқтатып», бейбіт келуді талап еткенін айтты. Бұл мәлімдеме АҚШ басшысының Ватиканда Украина президентімен кездескеннен күннің ертеңіне жасалды.
Трамп инаугурациясына дейін Ресей мен Украина арасындағы соғысты бір күнде тоқтата алатынын мақтанышпен айтқан болатын. Ол қызметке кіріскеннен бері қақтығысты тоқтату үшін дипломатиялық қадам басып келеді. Алайда бұл әрекеттер әлі нәтиже берген жоқ.
«Мен оның атысты тоқтатып, келісімге қол қоюын қалаймын», – деді Трамп жексенбі күні Путиннен не күтетіні туралы сұраққа жауап бере отырып.
Трамп бұл сөздерді Морристаун әуежайында Вашингтонға бағыт алған «Air Force One» ұшағына мінер алдында айтты. Ол сенбі күні Римде Рим Папасы Францисктің жерлеу рәсіміне қатысқан болатын.
«Менің ойымша, келісімнің негізі қаланды және мен келісімге қол қойылуын қалаймын», – деді Трамп. Бұл сөздер Украинадағы үш жылдан астам уақытқа созылған қақтығысты тоқтатуға бағытталған АҚШ ұсынған бейбіт жоспарға қатысты айтылған болуы мүмкін.
Трамп Римде өткен жерлеу рәсімінде Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Бұл екі басшының ақпан айында Ақ Үйде өткен сәтсіз кездесуінен кейінгі алғашқы бетпе-бет сөйлесуі болды.
Әулие Петр базиликасындағы қысқа әңгімеден кейін Трамп Путиннің соғысты тоқтатқысы келетініне күмән келтірді. Бұл соғыс Украинаның шығыс бөлігін қиратып, ондаған мың адамның өмірін қиып отыр.
Жексенбі күні Трамп сонымен бірге бір сұраққа орай «Иә, мен солай ойлаймын», – деді Зеленскийдің бұл аумақтан бас тартуға дайын екенін меңзеп.