Судан Жедел қолдау күштерін айыптады
Жедел қолдау күштері болса жауапкершілікті мойындамай, бейбіт тұрғындарды өлім жазасына кесіп жатқан видеодағы кісілердің олардан емес екенін айтты.
Судан Жедел қолдау күштерін  айыптады
/ AA
29 Сәуір 2025

Дүйсенбі күні Судан Жедел қолдау күштерін Хартумның батысында 31-ден астам қарусыз бейбіт тұрғынды өлтірді деп айыптады.

«Судан Жедел қолдау күштері қылмыскер және террорист екенін тағы да көрсетіп, аймақтық демеушісінің атынан Судан халқы мен олардың ұлттық мемлекетіне қарсы соғыс жүргізіп жатқанын дәлелдеді», – делінген Судан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

«Бұл соңғы террористік қылмыс адамзат ар-ожданын дүр сілкіндірді. Жексенбі күні Омдурман қаласында 31 бейбіт тұрғынды аяусыз өлтіру оқиғасы болды», – деп қосты министрлік.

Жексенбі күні Судан Дәрігерлер желісі Жедел қолдау күштері Омдурманның Әл-Салха ауданында 31 адамды өлтіргенін хабарлады. Оның ішінде балалар да бар. Белсенділер әлеуметтік желіде жедел қолдау күштері формасын киген адамдардың бір топ адамға оқ атып жатқан видеоларын бөлісті.

Алайда Жедел қолдау күштері жексенбі күні жасаған мәлімдемесінде бұл оқиғаға қатысы жоқ екенін айтып, видеодағы қарулы адамдардың олардың құрамында емес екенін мәлімдеді. Соңғы аптада Омдурманның әртүрлі аймақтарында Судан әскері мен Жедел қолдау күштері арасында қақтығыстар жалғасуда. Ұйым Хартум аймағындағы соңғы бекіністерін қорғауда.

Бұдан бөлек бір әскери мәлімдемеде «Солтүстік Дарфур уәлаятының орталығы Әл-Фашир қаласында да әскер мен Жедел қолдау күштері арасында қақтығыстар болды», - делінген. Сонымен қатар тойтарысты үйлестіру комитеті «Әл-Фашир» «Бүгін қалада қарқынды әрі үздіксіз қақтығыс жүріп жатыр», - деді.

Комитеттің мәлімдеуінше қаланың қазіргі ауыр жағдайына байланысты бірнеше қайырымдылық асханасы мен тамақтандыру орталығы уақытша жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. «Қасақана және қатты атқылаудың күшеюіне байланысты ыстық тамақ дайындау аспаздар мен еріктілер үшін қауіпті жағдайға айналды», – делінген мәлімдемеде.

Бұл қайырымдылық асханалар Әл-Фаширдегі ондаған мың тұрғын мен қоныс аударған адамдарға ыстық тамақ береді. Олардың көпшілігі Жедел қолдау күштерінің қоршауында бір жылдан астам уақыт бойы қиналуда.

2023 жылдың 15 сәуірінен бастап Жедел қолдау күштері Судан күштерімен елді бақылауға алу үшін шайқас жүргізіп келеді. Бұл қақтығыстар мыңдаған адамның өліміне және әлемдегі ең ауыр гуманитарлық дағдарыстардың біріне әкелді. БҰҰ мен жергілікті биліктің мәліметінше бұл қақтығыста 20 мыңнан астам адам қаза тауып, 15 миллионнан астам адам қоныс аударуға мәжбүр болған. Ал АҚШ ғалымдарының зерттеулері бойынша өлім саны шамамен 130 мыңға жеткен.

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us