Прокурор «Францияның оңтүстігіндегі мешітте мұсылманды пышақтап өлтірді деген күдікке ілінген ер адам Италиядағы полиция бөлімшесіне өзі берілді», - деп мәлімдеді.
«Прокурор ретінде мен үшін өте қанағаттанарлық жағдай. Жасалған шаралардың тиімділігіне байланысты күдікті өз еркімен берілуге мәжбүр болды және бұл оның ең дұрыс шешімі», – деді.
«BFM TV» арнасына берген сұқбатында прокурор «Күдіктінің кеше түнгі 11-11:30 шамаларында Италияның Флоренция маңындағы полиция бөлімшесіне барғанын растай аламын», – деді. «Біз оның Франциядан кеткенін білдік... Оны қолға түсіру тек уақыт мәселесі еді», – деп қосты ол.
Шабуылдың себебі туралы пікір білдірген Грини «Анти-мұсылмандық – басты нұсқа (...) бірақ тергеу барысында бұл әрекеттің басқа да себептері анықталды... мүмкін өзін қандықол қылмыскер ретінде көрсету ниетінде өлімге деген қызығушылық», – деді.
Француз саясаткерлері жексенбі күні видеоға түсіріліп, «Snapchat» желісінде жарияланған шабуылды айыптады.
«Лаицит» деп аталатын зайырлылығымен мақтанатын Франция Еуропадағы ең көп мұсылман халқы бар ел. Мұсылмандар жалпы ел ел халқының шамамен 10% құрайды.