ТҮРКИЯ
2 минут оқу
“Түркі әлемі Солтүстік Кипр Түрік Республикасын қолдауды жалғастырады”
Түркияның Сыртқы істер министрі Түркия мен Түркі әлемі арасындағы байланыстарды әлсіретуге бағытталған манипуляциялық әрекеттер сәтсіз аяқталатынын айтты.
“Түркі әлемі Солтүстік Кипр Түрік Республикасын қолдауды жалғастырады”
/ AA
25 Сәуір 2025

Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Түркия мен Түркі әлемі арасындағы қатынастарды әлсіретуге тырысқан әрекеттердің нәтижесіз болатынын айтты.
Бейсенбі күні Анкарада норвегиялық әріптесі Эспен Барт Эйде екеуі өткізген бірлескен баспасөз мәслихатында Фидан: "Түркия мен Түркі әлемінің арасына іріткі салғысы келетіндердің манипуляциялары нәтижеге жетпейді", – деді.

"Түркі әлемі Кипр түріктерін қолдаудан таймайды", – деген Фидан "Бұл бағыттағы саясатымызды табандылықпен жалғастырамыз", – деп қосты.

Газадағы жағдайға да тоқталған Фидан 50 күннен астам уақыт бойы Газаға гуманитарлық көмек жеткізілмей жатқанын айтып, аштықтың қару немесе жаза құралы ретінде қолданылмауы тиіс екенін ерекше атап өтті.

Ал Норвегия Сыртқы істер министрі Эспен Барт Эйде Газа мәселесіндегі "үнсіздікке" алаңдаушылық білдіріп, көптеген батыс елінің нақты ұстаным танытпауы қателік екенін айтты.

Дипломатиялық қатынастардың 100 жылдығы
Фидан 2026 жылы Түркия мен Норвегия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 100 жылдығы атап өтілетінін хабарлап, екіжақты байланыстарды тереңдетуге ниетті екенін жеткізді.

Ынтымақтастықты арттыруға қатысты министр екіжақты сауда айналымы 1 миллиард доллардан асқанын айтып, бұл көрсеткішті одан әрі арттыру үшін екі елдің де "күні-түні тынымсыз еңбек етіп жатқанын" айтты.

Теңіз тасымалының экономикалық ынтымақтастықтың басты тіректерінің бірі екенін атап өткен министр, түрік кемелерінің барған сайын Норвегияның кеме зауыттарында жасалып жатқанын жеткізді.

Қорғаныс өнеркәсібіндегі артып келе жатқан ынтымақтастыққа назар аударған министр екі елдің компанияларын жаңа серіктестіктер орнатуға шақырды. Энергетика саласындағы пайдаланылмай жатқан әлеуетке де тоқталған ол Түркияның PKK мен FETÖ лаңкестік ұйымдарымен күресте Норвегиядан күтетін қолдауын қайталап айтты.

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us